Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқушының үйіне күзет қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқушының үйіне күзет қойылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде Қызылордада оқушы секс құлдыққа түскені жайлы ақпарат тарады. Қызылорда облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жақсыгүл Тоғанова оқиғадан кейін жасөспірімнің анасымен сөйлесіп, баламен кездескенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Қызылордада оқушы секс құлдыққа түскені жайлы ақпарат тарады. Қызылорда облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жақсыгүл Тоғанова оқиғадан кейін жасөспірімнің анасымен сөйлесіп, баламен кездескенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, балаға медициналық және психологиялық көмек көрсетілген.

"Арнайы кездесу уақыттары белгіленді. Алайда анасы тарапынан айтылған себептерге орай кездесу жиілігі сақталмады. Кейінге уақытта бала үш рет психолог мамандардың қабылдауында болды. Мұнан кейін Денсаулық сақтау басқармасы орынбасарының көмегімен бала толыққанды медициналық тексерістен өткізілді. Дәрігерлердің кеңесімен баланы ауруханаға жатқызу ұсынылғанымен, анасы келісім бермеу туралы қолхатын берді. Бұл ретте анасы сұраған қолайлы уақытта учаскелік дәрігерлерді үйге шақыру көмектері де ұйымдастырылды. Бала толыққанды дәрігерлердің бақылауына алынды", - деп жазды ол.

Бүгінде жасөспірімнің үйінің аумағына күзет қойылған.

"Баланың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция департаменті арқылы тәулік бойы үйінің аумағына күзет қызметі қойылды. Барлық іс-әрекет анасының келісіміне және баланың қалауына сәйкес жасалады", - деді арнайы уәкіл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети