12 ақпан 2014 22:09

Сырдария тасып, жайылымдық жерлерді су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР ТЖ баспасөз қызметінен алынды Фото ҚР ТЖ баспасөз қызметінен алынды

"Сырдария өзені тасып, жағалауға жақын маңдағы жайылымдық жерлерді су басты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сырдария өзені Қожатоғай ауылының маңында арнасынан асқан. Төтенше жағдай Көксарай контррегуляторы аумағындағы шлюздерге мұз қату салдарынан орын алған. Айта керет жайт, қазіргі уақытта Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне секундына 900 текше метр су жіберіліп жатыр. Ауылға құтқарушылар мен өрт сөндірушілер келді. Жағдайды жергілікті билік бақылауында ұстап отыр. Үш мыңнан аса ауыл тұрғындары құм толтырылған 12 мың қаппен бөгетті бекемдеген. Арнайы комиссия тікұшақпен өзен арнасын бақылап, қай жерде мұз жару жұмыстарын жүргізу керектігін анықтады. Қазіргі уақытта Сырдария өзенінде Көксарай контррегуляторынан бастап Қожатоғай ауылына дейін, одан әрі Қызылорда облысына дейін мұз қатып жатыр. Мұз жару жұмыстары өзен маңындағы елді мекендерге қауіп төңген жағдайда ғана жүргізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети