Сырқатынан айыққан Назарбаев қызметіне оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сырқатынан айыққан Назарбаев қызметіне оралды Елбасы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады. © Ақорда

Елбасы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 
 
Кездесу барысында Жақып Асанов Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының жұмысы жөнінде мәлімдеп, "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асыру жолындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, 11 қазанда Ақорда Елбасының салқын тиіп сырқаттанып қалғанын хабарлаған болатын. "Салқын тиіп сырқаттанып қалуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ем қабылдауда", - делінген еді Ақорданың хабарламасында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети