Сыртқы істер министрлері ресейлік вакцинаны Қазақстанға жеткізуге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлері ресейлік вакцинаны Қазақстанға жеткізуге қатысты пікір білдірді Фото:elements.envato.com

Қазақстанның және Ресейдің сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны Қазақстанға жеткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның және Ресейдің сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны Қазақстанға жеткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тамыз айының соңында Қазақстанның вице-премьері Роман Скляр Мәскеуде болды. Мұның бәрі талқыланды, жалпы тәсілдер бар және осы бағыттағы нақты қадамдар туралы келісімдер - барлығы талқыланды", - дейді Ресейдің сыртқы істер министрі.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Тілеуберді тамыздағы сапары кезінде Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "Фармация" СК дәрілік препараттардың қазақстандық дистрибьюторы арасында ресейлік вакцинаны жеткізудің кепілді көлемі туралы меморандум жасалғанын айтты.

"Сондай-ақ, Қазақстанда біздің ғалымдар вакцина әзірлегенін хабарлағым келді. Олар сынаққа кіріседі, ақпан айында (2021 жыл) ғалымдар вакциналарды жаппай өндіруді жоспарлап отыр", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети