ҚР Сыртқы істер министрілігі Таяу Шығыс және Африкадағы жағдайдың нашарлануына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Сыртқы істер министрілігі Таяу Шығыс және Африкадағы жағдайдың нашарлануына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қарапайым халықтың зардабына әкеп соққан лаңкестік іс-әрекеттер нәтижесінде Таяу Шығыс және бірқатар африкалық мемлекеттердегі жағдайдың нашарлануына байланысты Қазақстан алаңдаушылық білдіреді. Қазақстан Тунис, Кувейт, Мысыр және Нигерия халықтарына қайғы-қасіретіне ортақтастығын білдіріп, осы елдерде болған лаңкестік іс-әрекеттерге орай қөңіл айтады.
"Қазақстан, дүниежүзілік қауымдастықтың бөлігі ретінде, осы елдердегі жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, лаңкестіктің бар түрлері мен көріністерін табанды түрде кінәраттайды және осы құбылысты түп-тамырымен құрту үшін дүниежүзілік қауымдастықты нәтижелі ұжымдық шаралар қабылдауға шақырады. Қазақстан лаңкестік әрекеттер бүкіл әлемге қауіп-қатер төндіреді деп санайды", - делінген министрліктің хабарламасында.
Министрліктегілердің мәлімдеуінше, Қазақстан ұстанымы халықаралық құқық қағидаттарына және БҰҰ ҚК тиісті қарарларына негізделеді. "Экстремизм мен лаңкестікке қарсы БҰҰ аясында бірлескен шаралар қолдану және Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі халықтың болашағы мен мүмкіндіктеріне кернеу салатын экономикалық және әлеуметтік мәселелер шешімінің жолдарын іздеу қажет деп ойлаймыз", - дейді олар.