Сызғанов орталығындағы дау: актрисаның мәлімдемесінен кейін дәрігер жұмыстан кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сызғанов орталығындағы дау: актрисаның мәлімдемесінен кейін дәрігер жұмыстан кетті Фото:depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыдағы Сызғанов орталығындағы дауға қатысты пікір білдірді. Бұған дейін қазақстандық актриса және продюсер Айнұр Ілиясова орталықтың қызметкерін ақша сұрады деп айыптаған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыдағы Сызғанов орталығындағы дауға қатысты пікір білдірді. Бұған дейін қазақстандық актриса және продюсер Айнұр Ілиясова орталықтың қызметкерін ақша сұрады деп айыптаған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Актриса және продюсер Айнұр Ілиясова жазба жариялап, Алматыдағы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының анестезиологы анасына жасалған отадан кейін өзінен ақша сұрағанын айтты. Оның сөзінше, дәрігер шұғыл байланыс үшін қалдырылған телефон нөмірін өз пайдасы үшін қолданған.

"Ол маған жазып, ақша талап етті. Мен клиника директорына шағымданып, мәселені қарауды өтіндім. Бірақ мұндай әрекеттерді тоқтатудың орнына, сол анестезиолог операциядан шыққан анама келіп, "қызын тыныштандыруды" талап еткен. Бұл жай ғана кәсіби этиканы бұзу емес. Бұл ауыр халде жатқан науқасқа қысым көрсету", - деп жазды.

Кейін Tengrinews.kz тілшілері Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына осы оқиғаға қатысты пікір білдіруді сұрап жүгінді.

"Қазіргі уақытта көрсетілген шағым бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижелері заңда белгіленген мерзімде өтініш иесіне ұсынылады", – делінген орталық жауабында.

Министрлік не дейді?

Министр Ақмарал Әлназарова Tengrinews.kz тілшісіне орталықта расымен де ішкі қызметтік тергеу жүргізілгенін растады.

"Тергеу нәтижесінде комплаенс-офицер анестезиолог-дәрігердің әрекеттерінен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты байқамады. Этикалық комиссия оның әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық белгілерінің барын анықтап, этикалық нормаларды сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы тиіс деген қорытындыға келді", — деді министр.

Сонымен қатар, Әлназарова анестезиолог-дәрігер өзі жұмыстан шығу туралы өтініш бергенін және ол 2025 жылдың 22 тамызында қанағаттандырылғанын айтты.

Бұдан бөлек, орталықта қызметкерлермен этикалық нормаларды қатаң сақтау қажеттігі туралы жоспардан тыс профилактикалық әңгімелер жүргізілген. Министрдің айтуынша, мекеме басшылығы заңдылықты бұзудың кез келген түріне қатысты принципті ұстанымда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети