"Шымбұлақ" әкімшілігі аспалы жолдардың неліктен тоқтап қалғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шымбұлақ" әкімшілігі аспалы жолдардың неліктен тоқтап қалғанын түсіндірді © Yvision

"Шымбұлақ" тау курортының әкімшілігі аспалы жолдардың неліктен тоқтап қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шымбұлақ" тау курортының әкімшілігі аспалы жолдардың неліктен тоқтап қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұның алдында кабинкалар бірнеше минутқа тоқтап қалғанын журналистер хабарлаған болатын.

"Бүгін жарыстар аяқталып, адамдардың көпшілігі төменге түсіп кеткеннен кейін қауіпсіздік жүйесі іске қосылып кеткен. Осының салдарынан аспалы жолдар біраз уақытқа тоқтап қалды. Кабинкалар 15 минут қозғалыссыз тұрды, кейін 10 минут апаттық қозғалтқыш жұмыс істеді. Ақау жөнделгеннен кейін аспалы жолдар штаттық режимде жұмысын қайта бастады", - дейді курорт әкімшілігінің өкілдері. 

"Жөндеу бригадасы бірден станцияны толық қарап шықты. Техникалық қызметкерлер жолаушыларға қауіп төнбейтінін білгеннен кейін жұмысты жандандырды", - дейді "Шымбұлақ" ТК баспасөз қызметінің өкілдері. 

Мұның алдында қар көшкіні жүру қаупінен "Шымбұлақта" 2017 жылғы қысқы Универисаданың тау шаңғысынан жарыстар ауыстырылған болатын. Бүгін таңертең "Қазгидромет" РМК дауылды ескерту жариялаған болатын. Іле Алатауында қардың қалың түскеніне байланысты 31 қаңтар мен 1 ақпан күндері қар көшкіні жүреді деп күтілуде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети