Шымкент әкімі нашар көшелерге шағымданған тұрғынның видеосына жауап қатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімі нашар көшелерге шағымданған тұрғынның видеосына жауап қатты © Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының әкімі шаһардағы нашар көшелерге шағымданған тұрғынның видеосын назардан тыс қалдырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының әкімі шаһардағы нашар көшелерге шағымданған тұрғынның видеосын назардан тыс қалдырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, таяуда Youtube видеохостингінде Шымкент тұрғыны Руслан Жанпейісовтың тозығы жеткен көшелер туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың назарына ұсынған видеосы жарияланған еді. Онда қала тұрғыны тұрғындар үшін шарт-жағдай жасалынбаған Мангельдин көшесіне назар аударуды өтініп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоғын, жол шетіндегі гүл дестелерінің қурап қалғанын көрсеткен болатын.

Қала әкімдігі видео авторына өзінің азаматтық жауапкершілігін атқарған тұрғынға алғыс білдірді. "Осыған орай шаһар басшысы салаға жауапты мамандарды бастап, сол көшені тексеруге барды. Көше аумағын бақылаған әкім тез арада аталмыш аумақты ретке келтіріп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды", - делінген әкімдіктің хабарламасында. Сонымен қатар, тез арада көше бойындағы құрылыс қоршауы алынып тасталуы тиіс.
Салалық бөлім жауаптылары жуық арада тапсырмалардың толық орындалатындығын жеткізді.


© Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети