Шымкент әкімі заңсыз сауданың алдын алуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімі заңсыз сауданың алдын алуды тапсырды © Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісінде қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов қала тұрғындарына үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісінде қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов қала тұрғындарына үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Әбдірахымов қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын алу, жою жұмыстарын қатаң бақылауға алып, тиісті аудан әкімдіктері мен жергілікті полиция қызметкерлеріне күн сайын рейдттік іс-шара ұйымдастыруды тапсырған. "Әрі жауапты мамандарға бұл жұмыстар тек хаттама түрімен шектелмей, нақты жұмыс нәтижесі жөнінде есеп беріп отыратындығын жеткізді. Осыған дейін қала аумағында 92 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған. Алайда, бұл әлі де жеткіліксіз екендігін, бұл ретте қала тұрғындарының өз өмір сүрген қаласын таза ұстауға міндетті екендігін де ескертті", - делінген баспасөз хабарламасында.


© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети