Шымкент - Алматы пойызының жолсерігі әйелді босандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент - Алматы пойызының жолсерігі әйелді босандырды видеодан үзінді

2019 жылы 14 қаңтарда Шымкент - Алматы-2 пойызының жолсеріктері Шымкент тұрғыны Аүйгүл Жүзбаеваның дүниеге сәби алып келуіне көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы 14 қаңтарда Шымкент - Алматы-2 пойызының жолсеріктері Шымкент тұрғыны Аүйгүл Жүзбаеваның дүниеге сәби алып келуіне көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жас келіншек жүктіліктің соңғы айында пойыздың 16-шы вагонында кетіп бара жатқан. Пойыз Түлкібас станциясынан қозғалған уақытта Айгүлдің толғағы басталған. Жолсерік Дәурен Байменов және аойыз бригадасының басқа да жұмысшылары қажетті көмек көрсетіп, әйелді сәтті босандырған. 

Сол күні Тараз станциясында босанған әйелді медициналық жедел жәрдем бригадасы күтіп тұрған. Анасы мен баласы жергілікті перинаталдық орталыққа жеткізілген. Қазіргі уақытта екі жолаушы да өзіндерін жайлы сезінеді және үйге қайтатын уақытта күтіп жатыр екен. 

"Мен жолсерікке алғысымды білдіремін. Дүниеге қыз бала келді. Барлығы жақсы. Темір жол қызметкерлерінің барлығына алғысымды білдіремін", - деп жазады баспасөз қызметінің өкілдері әйелдің сөзін. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" филиалының директоры Асқар Шүкірбековтің айтуынша, пойыз басшысы Нұрманәлі Нұрманбект пен жолсерік Дәурен Байменовқа мадақтама беріледі. 

Пойыз бригадаларының жұмысшылары үшін әрдайым алғашқы көмек көрсету және стандарттан тыс жағдайларда әрекет ету тренингтерін өткізіліп тұрады. 

Өткен жылы, компания мәліметінше, пойызда 10 бала дүниеге келген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

В поезде по направлению Шымкент - Алматы пассажирка родила девочку. Роды принял проводник.

Публикация от ZTB.KZ (@ztb_kz)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети