Шымкент мектептерінің бірінде діни бұрыш ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент мектептерінің бірінде діни бұрыш ашылды Фото islamdag.ru сайтынан

Шымкенттегі №24 мектепте діни бұрыш ашылды, - деп хабарлайды "Қазақпарат" облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық қаладағы әл-Біләл мешітінің жетекшілігімен жұмыс істейді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі №24 мектепте діни бұрыш ашылды, - деп хабарлайды "Қазақпарат" облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық қаладағы әл-Біләл мешітінің жетекшілігімен жұмыс істейді.

"Мектеп пен мешіт бірігіп, өте маңызды бастаманы қолға алды. Мұндай тәжірибе оқушылардың дұрыс жолды таңдауына ықпал ететін болады", - дейді ішкі саясат басқармасының жетекшісі Берік Құрманғали.

Діни сенім бұрышына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің бақылауынан өткен кітаптар жиналған. 

Орталық жұмысы шеңберінде оқушылар облыс басшылығының қолдауымен дін тақырыбына түсірілген телебағдарламалар топтамасын көре алады. Мектеп ұжымы әл-Біләл мешітінің имамы Тимур Аманқұловқа алғыс білдірді. Имам қазіргі заман мектептеріндегі мұндай рухани бұрыштардың жастарды тәрбиелеуге сөзсіз көмектесетінін айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети