Шымкент тұрғыны өзін-өзі тонаймын деп істі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент тұрғыны өзін-өзі тонаймын деп істі болды © minval.az

30 жастағы Шымкент тұрғыны  өзі қызмет ететін фирманың ақшасын пайдасына жаратып, артынша ізін жасыру үшін өзін-өзі тонатқан. Ол үшін тіпті тұтас спектакль ұйымдастырыпты, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

30 жастағы Шымкент тұрғыны  өзі қызмет ететін фирманың ақшасын пайдасына жаратып, артынша ізін жасыру үшін өзін-өзі тонатқан. Ол үшін тіпті тұтас спектакль ұйымдастырыпты, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Оқиға сенбі күні болған. Сауда компаниясында қызмет ететін жігіт қасындағы әріптес келіншекпен бірге қызметтік көлікпен қалаға жолға шығады. Жол-жөнекей мінген көліктерінде 10 миллион теңге барына әлгі келіншекті сендіріпті. Қала ішінде кенеттен "Приора" көлігі соғысып, ішінен екі азамат шығып сауда фирмасының екі қызметкеріне қару кезенеді. Сол кезде рөлдегі азамат ішінде ақшасы бар сөмкені әлгілерге ұстата салыпты. Өзін жәбірленуші ретінде көрсеткен жігіт, тонау әрекетін қолдан ұйымдастырғанын тек бір күн өткен соң полицейлерге жайып салған.

Оның айтуынша, ол мұндай әрекетке жұмыс жасайтын фирманың ақшасын жаратып қойғаны үшін барған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети