Шымкентте 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді

Бүгін Шымкент қаласында 23 маусым - "Мемлекеттік қызметші күніне орай" мерекелік шара өтті. Кәсіби мерекелерін осы салада қызмет ететіндер спорттық жүгіріспен бастады. Осылайша олар баршаны салауатты өмір салтын ұстануға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шараға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, спартакиада жеңімпаздарын марапаттады.

Бұл күні мемлекеттік қызметшілерді жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған волейбол, футбол және теннис ойындарының жеңімпаздары марапатталды. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Жалпы Шымкент қаласында 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметші абыройлы еңбек етіп жатыр.

Бүгінде Шымкент әкімдігінің жұмысында бірқатар оң өзгерістер орын алды. Оның бірі "Ашық әкімдік" жобасы. Мұнда халыққа қолайлы және ашық мемлекеттік қызмет түрлері ұсынылады. Сонымен қатар, әкім және әкім орынбарлары әлеуметтік желілер арқылы тұрғындармен кері байланысты орнатты. Осының нәтижесінде, әкімдікке келіп түсетін арыз-шағымдар саны төмендеді.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап, Әкімдік қызметшілерінің жалақысы факторлы-баллды шкала негізінде пилоттық жүйе аясында екі есеге дейін көбейді. Сондай-ақ, осы жылдың 18 маусымынан бастап әкімдіктің жұмыс кестесі өзгеріп, түскі үзіліс екі сағаттан бір сағатқа қысқартылып, жұмыс уақытының соңы 19.00-ден 18.00-ге ауыстырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети