Шымкентте 2000 абонент газсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 2000 абонент газсыз қалды ©Ярослав Радловский

Шымкентте 2000 абонент газдан ажыратылды, бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2000 абоненттің көгілдір отыннан ажыратылуына газды жеткізу проблемалары себеп. Әкімдіктің мәліметінше, өңірге сағатына 430 мың текше метр газ жеткізілуі керек, ал Өзбекстаннан сағатына 120 мың текше метр көгілдір отын жіберілуде, оның өзінде газ Оңтүстік Қазақстаннан бөлек, Жамбыл мен Алматы облыстарына да тасымалданады. Қажеттіліктің бір бөлігі Сарыағаш газ қоймасынан алынып отыр, сонымен бірге, Бейнеу - Шымкент газ құбырынан алынатын отынның көлемі ұлғайтылды. Қазіргі уақытта Шымкентте 17 ірі кәсіпорын газдан ажыратылып отыр. Олардың арасында "Шымкентцемент" пен "Шымкентсыра" бар. Өзге 50 мекеме-кәсіпорынға да газ беру шектелді. Бұл шара ең алдымен тұрғындарды көгілдір отынмен қамту үшін қолға алынды. Кәсіпорындар есебінен үнемдеудің арқасында шымкенттіктерге қосымша 9 мың текше метр газ бөлінді. Шенеуніктердің айтуынша, күн жылынған мезгілде қала тұрғындары газға қайтадан қосылады. Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанның Оңтүстік Қазақстанға отын беруді шектегені белгілі. Соның салдарынан Шымкенттегі мыңдаған тұрғын үйде газ қысымы төмендеп кетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети