Шымкентте ер адам мешітте өзін-өзі өлтірмек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ер адам мешітте өзін-өзі өлтірмек болды © Тұрар Қазанғапов

ОҚО-да ер адам мешітте өзіне қол салмақшы болды, деп хабарлады tvk-uko.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да ер адам мешітте өзіне қол салмақшы болды, деп хабарлады tvk-uko.kz.

Оқиға 26 қаңтарда Сайрамның кішігірім мешітінде болды. Жергілікті молда Тұрсынқожа Ханқожаевтың айтуынша, бұл жайт сағат 16.20-да болған. Ол мешітке келушілердің бірін кішкентай бөлмеден көріп қалған, оның қолдары мен мойны тілік, үсті-басы қан болыпты.

Ол ер адамды үйіне жіберуге тырысқан, себебі ол ақылға қонымсыз әрекеттер жасаған және үйіне қайтудың орнына газ жүріп тұрған құбыршекті жұлып алып, газды өзіне бағыттап, жағып жіберген. Егде жастағы молда өртеніп жатқан ер адамның үстіндегі отты өшіріп, жедел жәрдемді, өртсөндірушілерді және полицияны шақырды.

"Үстіндегінің барлығы жана бастады - күртесі, қолдары, беті тіпті көрінбей қалды. Абдырап қалдым, сөндіре бастадым, адамдарды көмекке шақырдым. Содан кейін жедел жәрдем шақырдым. Олар келгенше ер адаммен сөйлестім, одан неге былай істегенін сұрадым, ол көпшіліктің назарын өзіне аудартқысы келгенін айтты. Ол мешітке бұрыннан келіп жүр, ішімдікке әуес, отбасында қиындықтар болған", - деді молда.

Ер адамның діни әуестігіне қатысты қойылған сұрақтарға куәгерлер оның басты проблемасы ішімдік екенін айтты. Қатты күйіп қалған ер адам Шымкеттегі қалалық бірінші ауруханаға жеткізілді, алайда бірден гипербариялық оттектеу орталығының күйік бөлімшесіне ауыстырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети