Шымкентте оқушылар моншада оқып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте оқушылар моншада оқып жатыр

Шымкентте мектеп оқушылары моншада оқуға мәжбүр. Нұрсәт шағын ауданының бастауыш сынып балғындары бүгін екінші күн қоғамдық жуыну орны болған нысанда білім алып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте мектеп оқушылары моншада оқуға мәжбүр. Нұрсәт шағын ауданының бастауыш сынып балғындары бүгін екінші күн қоғамдық жуыну орны болған нысанда білім алып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бұған шамданған бірлі-жарым ата-ана баласын алып кеткен. Шымкенттегі мыңнан аса бастауыш сынып оқушысы моншада сабақ бастады. Қоғамдық орындағы жуынатын бөлмелер сыныптарға айналған. Бәрі сырланып, мектепке ыңғайластырылыпты. Бөтен иіс те сезілмейді. Бірақ өздері талай жуынған орында баласы оқып жатқанын тұрғылықты жұрттың бірі құптағанымен, бірі наразы.

№ 80 мектеп-лицейің директоры Сәуле Қалыбекованың айтуынша, оқу ордасында 4350 бала бар. 1200 орындық ғимаратқа сыйысуға мәжбүрміз дейді мектеп басшысы. Директор ауданда бала саны көптігін айтады. Бірінші сыныптың өзі - 20. Үш ауысымда оқымас үшін ғимарат жалдауға тура келгенін көлденең тартты. Мыңнан астам бала оқитын ғимараттың жалдау ақысы - 2 миллион 800 мың теңге, ол жергілікті бюджеттен төленеді. Ал монша Нұрсәттегі жалғыз бос ғимарат көрінеді. Айтуынша, оған санэпидемиологтар да қарсы емес.

"Моншаның алдында бұл жер кәсіпкерлердің кеңсесі болған. Содан соң бір жылдан астам монша болған. Содан екі жылға жуық бос тұрған ғимарат еді. СЭҚ бізге кішкене кемшіліктерді айтты. Иә, бізге оқуға болады деді. Олар ғимараттың ылғалдылығын, биіктігін тексерді. Өздерінің ережесі бойынша сәйкестігін тексерді", - деді Сәуле Қалыбекова. 

Директордың сөзінше, моншада әлі жөнделіп үлгермеген бөлмелер бар. Толық аяқталса, мұнда 1,5 мың бала оқи алады. Тек санэпидемиологтардың ескертпе талаптарын орындап үлгерулері тиіс екен. Соның бірі - сынып бөлмелерінің әрбіріне қол жуатын орынның болуы.

Айта кетейік, Шымкентте 19 мектеп үш ауысымда бала оқытып отыр. Биыл 5 мектеп қолданысқа берілгенімен, үш ауысым мәселесі бұрынғыша қалып тұр. Білім басқармасындағылар туындаған қиындық ата-аналарға мектеп таңдауға еркіндік берілгенімен байланыстырып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети