Шымкентте қанды қақтығыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қанды қақтығыс болды Шымкентте салынып жатқан көпқабатты үй құрылысы. ©otyrar.kz

Шымкентте шолақ мылтықпен, пышақпен қаруланған алты бұзақы тұрғызылып жатқан тұрғын үй құрылысы жұмысшыларына шабуыл жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. Астана даңғылындағы құрылыс нысанының 21 жастағы бір жұмысшысы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы төрт жұмысшы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің жағдайы орташа деңгейде. Қанды қақтығыс қаңтардың 26-сына қараған түні болған. Полиция шабуыл жасаушылардың Сайрам ауданының тұрғындары екенін анықтады. Қазіргі уақытта екі күдікті ұсталды, қалғандары іздестіріліп жатыр. Бұзақылардың жұмысшыларға не себепті аяусыз жәбір көрсеткені әзірше белгісіз. Жорамалдардың бірі бойынша, көпқабатты үй құрылысымен айналысып жатқан кәсіпкердің жергілікті бандиттерге қорған болудан бас тартуы себеп болуы мүмкін. Қарақшылар өз әрекетімен бизнесменді қорқытып алмақ болғанға ұқсайды. Оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары анықтайтын болады. Бұл дерек бойынша "Кісі өлтіру" және "Бұзақылық" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети