Шымкентте Қазақстан халқы бірлігі күніне орай мың домбырашы өнер көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Қазақстан халқы бірлігі күніне орай мың домбырашы өнер көрсетті

Шымкент қаласында Қазақстан халқы бірлігі күніне орай мың домбырашы өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында Қазақстан халқы бірлігі күніне орай мың домбырашы өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Шымкенттіктер 1 мамырды ауқымды мәдени бағдарламалармен атап өтті. Облыс орталығында 2 күн бойы мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Бұл қатарда 29 сәуірде Әл-Фараби алаңында аты аңызға айналған Турецкий хорының солистері жергілікті тұрғындарға әсерлі кеш сыйлады. Ресейлік өнерпаздар тіпті, өз репертуарында қазақ әндерін де орындады. 1 мамырда Әл-Фараби алаңында достықтың нағыз үлгісі ұсынылды. Өңірдегі түрлі этнос өкілдері ұлттық нақышта киініп, елдегі бірлік пен тұрақтылықты ұлықтады", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралардың қаладағы Абай, Жеңіс, Орталық саябақтарында, сонымен қатар, "Нұрсәт" шағынауданындағы Бәйтереков атындағы гүлзарда да жалғасқаны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети