Шымкентте "Құс жолы" сурет көрмесі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте "Құс жолы" сурет көрмесі ашылды © Жанерке Хумар

Суретші саусағындағы сұлулық пен қаламындағы табиғат тылсымы. Шымкентте суретші Ақмарал Байғараеваның "Құс жолы" сурет көрмесі ашылды. Туған жерге махаббатын алуан бояумен бейнелеген Ақмаралдың сурет әлемі тамсандырарлықтай, - деп хзабарлайды "Отырар"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретші саусағындағы сұлулық пен қаламындағы табиғат тылсымы. Шымкентте суретші Ақмарал Байғараеваның "Құс жолы" сурет көрмесі ашылды. Туған жерге махаббатын алуан бояумен бейнелеген Ақмаралдың сурет әлемі тамсандырарлықтай, - деп хзабарлайды "Отырар"

Қылқалам шеберінің суреттері туған жері Созақ ауданының тарихы мен табиғатын бейнелейді. Ол суреттерінде Табиғат-Ана мен Әйел-Ана бейнесін бір-бірімен қабыстырып, үндестірген. Көрмені тамашалағандар да ең алдымен осы үйлесімділікті бірден байқапты.

"Қараңызшы, жапырақпен, таумен, таспен тіпті Созақ ауданының тарихын және Ақ бикеш мұнарасын да барлығын анамен байланыстырған. Мен бір ана ретінде мына туындылардан қатты әсер алдым", - дейді Ақнұр Ботабекова.

Ақмарал Байғараева - суретші, ұстаз. Бұған дейін шәкірт тәрбиелеуге көп көңіл бөлген өнер иесінің алғашқы көрмесі. Ол табиғаттың адам сезінбейтін ғажайып сәттерін бейнелеуге тырысады. Тарихи тұлғаларды кескіндейді. Туындыларынан қазақ тарихының бет-бейнесін аңғартады.

"Сурет салу өнеріне кішкентайымнан әуеспін. Мен сурет салған сәтте демаламын. Бұл өнер менің жаныма тыныштық сыйлайды. Мұңайсам да, қуансам да мен тек осы бір ерекше өнермен өзімді шабыттандырып, өзіме күш-жігер сыйлаймын", - дейді Ақмарал Байғараева.

Көрме "Туған ел – туған жер" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Мұнда 60-тан астам туынды қойылған. Айта кетейік, "Құс жолы" көрмесі мамырдың соңына дейін көрермен назарына ұсынылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети