Шымкентте шетінеген шақалақтың мәйітін ауыстырып жіберген медбике жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте шетінеген шақалақтың мәйітін ауыстырып жіберген медбике жазаланады "Астана" телеарнасының кадры

Шымкент перзентханасында шетінеген шақалақтың мәйітін ауыстырып жіберген медбикенің қандай жауапкершілікке тартылатыны қызметтік тексеру жұмыстарынан соң белгілі болады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент перзентханасында шетінеген шақалақтың мәйітін ауыстырып жіберген медбикенің қандай жауапкершілікке тартылатыны қызметтік тексеру жұмыстарынан соң белгілі болады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия мән-жайды анықтау үстінде. Бұл туралы тілшілерге кезекті еңбек демалысынан бүгін ғана оралған орталықтың бас дәрігері Гүлбану Сыздықова айтты. Болған жайтқа байланысты сондай-ақ, № 4 перинаталдық орталықтың емдеу ісі жөніндегі орынбасары уақытша қызметінен шеттетілгені мәлім болды.

"Қызметтік тексеріс жүргізу біткенше емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары уақытша орнынан шеттетілді. Тек қана қызметтік тексеріс біткенге дейін. Қызметтік тексеріс бітіп, сол тексеріс нәтижесі бойынша шара қолданылады. Мәйітті ауыстырып жіберген медбике қазір уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша жұмыста жоқ. Ол еңбекке жарамсыздық қағазынан шыққаннан кейін оның жауапкершілігі қаралады, заң көлемінде", - деді № 4 облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлбану Сыздықова. 

Алдын ала болжамға сүйенген бас дәрігердің айтуынша, сәбидің өлімі шала туылып, жетілмей қалғандығынан. Нақты себебі гисталогиялық сараптама жұмыстарынан соң анық болмақ.

Еске салайық, өткен дүйсенбіде аталған перинаталдық орталықта шетінеген шақалағының мәйіті ауысып кеткені жайлы айтқан едік. Тіпті баланың нәсілі мен жынысы да бөлек болып шыққан. Қара жамылған отбасы бұл сорақылықты нәрестенің денесін жер қойнына тапсырар да бірақ біліп, полицияға арызданған. Айта кетейік, аталған жайтқа қатысты ішкі істер қызметі қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети