Шымкентте жаяу жүргіншілерді "оятатын" жолдар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жаяу жүргіншілерді "оятатын" жолдар пайда болды © Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте жаяу жүргіншілерге ескерту жасайтын ерекше жолақтар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жаяу жүргіншілерге ескерту жасайтын ерекше жолақтар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл жобаны шымкенттік кәсіпкерлер қалаға сый ретінде жасаған. "Айта кетерлігі, бұл жолақтар қазір шаһардағы Тәуке Хан көшесі мен Қонаев даңғылының қилысындағы жолдарда ғана орналасқан. Жоба авторларының мақсаты - қала тұрғындарын жол ережелерін сақтауға шақырып, қауіпсіз қала құруға үлес қосу", - деді әкімдік қызметкерлері.

Айта кетейік, Интернетте жүргіншілерге арналған ерекше жол түсірілген видео да жарияланды.

"Осындай жаңалық жасап шықтық. Бұл еліміз бойынша жалғыз Шымкентте ғана бар", - дейді жоба авторлары. Айтуынша, мұндай жолақтар тек Прага, Берлин және Мәскеу қалаларында орнатылған. Енді, Қазақстан бойынша алғаш рет Шымкентте пайдаланылып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети