Шымкентте жаңажылдық безендіруге бөлінген қомақты қаржы жетім балаларға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жаңажылдық безендіруге бөлінген қомақты қаржы жетім балаларға берілді © Aerokazan.ru

Шымкентте жаңажылдық безендіруге бөлінген 80 миллион теңге аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға берілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жаңажылдық безендіруге бөлінген 80 миллион теңге аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға берілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтме жасап.

Қалалық әкімдіктің ресми сайтында мұндай ұсынысты қала басшысының жасағаны жазылған. "Қала басшысы Əбдірахымовтың ұсынысымен жаңажылдық безендіруге бөлінген 80 миллион теңгенің жұмсалу мақсаты мәслихатта қайта қаралды. Аталған қаржы енді 5500-ге жуық жетім жəне əлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына бір реттік көмек көрсетуге бағытталады. Осылайша, Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған балалар қысқы киім-кешектермен қамтамасыз етілмекші", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Шымкентте Жаңа жылда отшашулар болмаса да, мерекені балалардың қуанышы мен күлкісі безендіреді", - деп жазды қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Данат Жумин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети