Шымкентте жемқорлық дауына қалған адвокат пен тергеуші бостандықта жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жемқорлық дауына қалған адвокат пен тергеуші бостандықта жүр

Зорлық қылмысын қысқартуға делдалдық жасаған адвокат бостандықта жүр, - деп хабарлайды "Отырар". Ал 360 мың теңге көлемінде пара алмақ болған Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісі 20 миллион теңгені кепілдікке қойып, уақытша босатылған. Бұл жөнінде бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы мәлімдеді.

Айтуларынша, қазан айында тіркелген бұл қылмысты осы зорлау фактісі бойынша күдікке іліккен азаматтың өзі хабарлаған.

Сол мезет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қызметкерлері адвокат пен полиция өкілін қылмыс үстінде құрықтаған болатын.

"Қаланың адвокатына қатысты Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісімен зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатуға жалпы соммасы - 360 мың теңге көлемінде пара алуға делдалдық жасалған дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған. Қазіргі уақытта полиция қызметкеріне қатысты сотпенен бұлтартпау шарасы кепіл түрінде қабылданған. Ол 20 миллион теңге көлемінде қаржы құйып, бостандыққа шықты. Ал адвокатқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ, аптаның аяғына дейін қолданылады. Қазір ол да бостандықта жүр", - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті бастығының орынбасары Камал Қабылбеков.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course down  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети