Шымкентте жоғалған 16 жастағы Айдана Қахраманова табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жоғалған 16 жастағы Айдана Қахраманова табылды Айдана Қаһарман © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкентте полицейлер таяуда жоғалған 16 жастағы Айдана Қахраманованы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте полицейлер таяуда жоғалған 16 жастағы Айдана Қахраманованы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оны іздестіруге Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы түгелдей жұмылды. ОҚО ІІД-нің барлық бөлімшесіне Айдана Қахраманованың қайда екенін анықтау мақсатында бағыттама таралды.   

"Бүгін, 4 тамызда жедел-іздестіру шараларының барысында Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері із-түссіз жоғалған Айдана Қахраманованы Шымкент қаласындағы құрбысының үйінен аман-есен тапты. Тәртіп сақшылары 16 жастағы қызды ата-анасы жеткізді", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта полицейлер қыздың неліктен жоғалғанын анықтап жатыр. Тексеріс жүріп жатыр. 

Еске салайық, 2016 жылдың 31 шілдесінде Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби аудандық полиция бөліміне 1975 жылғы жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелет жасына толмаған қызының жоғалғанын мәлімдеген еді. Айдана Қахраманова 28 шілдеде шамамен сағат 14.00-де үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети