Шымкентте жүрекке жаңа тәсілмен алғашқы күрделі ота жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жүрекке жаңа тәсілмен алғашқы күрделі ота жасалды Сурет Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметінен

Шымкент қаласында жүрек ақауына шалдыққан азаматтарға жаңа тәсіл арқылы күрделі ота жасалатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында жүрек ақауына шалдыққан азаматтарға жаңа тәсіл арқылы күрделі ота жасалатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жұмыстар қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Нұр-Сұлтан қаласындағы "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ басқарма төрағасы Юрий Пямен түзілген екі жақты меморандум аясында жүзеге асырылады. 

Меморандум шеңберінде жүрек қақпақшасын сақтап қалу үшін жаңа тәсілмен алғашқы ота бүгін қалалық кардиологиялық орталықта жасалып, жергілікті дәрігерлерге танымал кардиохирург Юрий Пя мастер-класс өткізеді.

Сонымен қатар, екі жақты келісімнің негізінде Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласын жақсарту және жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық ғылыми орталық мамандары тәжірибемен бөлісіп отыратын болады. 

Айта кетейік, Шымкент қаласында жүрек қақпақшасына ота жасау бойынша жылына шамамен 3 мың науқас тіркеледі екен. Бұған дейін науқастар мұндай отаны Астана мен Алматы қаласында жасатып келген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети