Шымкенттік оқушы мектепке тапаншамен келген

Шымкенттік оқушы мектепке тапаншамен келген © РИА Новости

Шымкенттегі мектеп оқушысы сабаққа тапанша алып келген, - деп хабарлайды elitar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі мектеп оқушысы сабаққа тапанша алып келген, - деп хабарлайды elitar.kz.

"Жеткіншек" рейдтік іс-шарасының кезінде ювенал полицейлер 9-сынып оқушысының сөмкесінен травмат тапаншасын тауып алған. 

"25-30 қараша аралығында "Жеткіншек" рейд іс-шарасы өтеді. Бұл шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу. Рейд кезінде 25 қарашада мектеп оқушысының сөмкесінен тапанша табылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады әл-Фараби аудандық ювенал полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Батырхан Әлиев. 

Мектеп оқушысы әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол тапаншаны сыныптасынан алғанын және оны мектепте қайтарып беруге келгенін айтқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети