Шымкенттің жаңа мәртебесіне байланысты республикалық бюджет қайта қаралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттің жаңа мәртебесіне байланысты республикалық бюджет қайта қаралды © Тұрар Қазанғапов

Үкімет Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған жобасын және елдің 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған жобасын және елдің 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бюджетті қайта нақтылауға Шымкент пен Түркістан облысының әкімшілік статусының өзгеруі негіз болды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Даленовтің мәліметінше, ЖІӨ нақты өсімі 3,8 пайыз көлемінде қалды. Негізгі салалардың өсім қарқыны бұрынғы деңгейде.

"Мұнайдың әлемдік бағасының және экономиканың өсімін ескеретін болсақ, экспорт 56,5 миллиард долларға дейін көтеріледі, импорт 33,2 миллиард долларға дейін (шамамен 1 миллиард долларовға аз) төмендейді. Инфляция бекітілген диапазонда болады деп күтілуде", - деп мәлімдеді Даленов Мәжілісте.

Айтуынша, кіріс көлемі де бекітілген жоспарға сай болады.

"Шымкент статусының өзгеруіне байланысты 2018 жылдың бюджетінде Түркістан облысы бюджетінен трансферттердің түсімі қарастырылған, сомасы 15 миллиард теңге, ол Шымкент бюджетіне аударылады", - деді Даленов.

Болжамға сәйкес, республикалық бюджеттің шығыны шамамен 9 триллион 656 миллиард теңгеден тағы 12,6 миллиард теңгеге ұлғаяды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети