Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін - синоптиктер

Сырдария ?зенінде К?кб?ла? гидробекеті айма?ында 19-23 мамыр аралы?ында су ?тіміні? 1500-1800 текше метрге дейін артуы к?тіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Сырдария өзенінде Көкбұлақ гидробекеті аймағында 19-23 мамыр аралығында су өтімінің 1500-1800 текше метрге дейін артуы күтіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өзбекстаннан келген дауылды ескертуге байланысты Сырдария өзенінде Көкбұлақ гидробекеті аймағында 19-23 мамыр аралығында су өтімінің 1500-1800 текше метрге дейін артуы күтіледі, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар синоптиктер 2017 жылдың 20-22 мамырына арналған ауа райы болжамын жария етті.

Реклама
Реклама

"Ауа райының күрт ауытқуы - мамыр айының ерекшелігі. Солтүстік және орталық облыстарда түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7...15 градус болады деп күтілуде.  Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде  ауа температурасы 1...3 градусқа дейін төмендеп аяз болады", - деді синоптиктер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама