Синоптиктер демалыс күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты

19 Мамыр 2017, 14:31
0
Синоптиктер демалыс күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2017 жылдың 20-22 мамырына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Ауа райының күрт ауытқуы - мамыр айының ерекшелігі. Солтүстік және орталық облыстарда түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7...15 градус болады деп күтілуде.  Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде  ауа температурасы 1...3 градусқа дейін төмендеп аяз болады", - деді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша,Ресейдің оңтүстік аумағынан жылжыған циклондар Қазақстанға ауысып, олар шығысқа қарай жылжи отырып, жаңбыр шақырып, кей жерлерде найзағай жарқырап, бұршақ, қатты екпінді жел алдымен республикамыздың батысында, содан кейін солтүстігі мен орталығында, оңтүстігінде болады деп болжанады.

Сондай-ақ, оңтүстік-батыс тропосферлық ағындардың әсерінен ауа температурасы жоғарылап, осы кезеңнің нормасына жуық және жоғары болады деп күтіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай