ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 ақпан 2017 11:45
Сыртқы істер министрі Польшадағы Қазақстан елшісін жазалау ұсынысына қатысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша комиссияның Польшадағы Қазақстан елшісі Алтай Әбибуллаевты жауапқа тарту ұсынысы туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мәселе мемелекеттік қызметкердің әдебін бұзу жайында. Министрлік бұл мәселені қарастыру ісін байыппен қабыл алды. Министрлікте заңбұзушылықтарға төзімділік таныту мүлде жоқ. Біз қазір жоғары тұрған инстанциядан келетін материалдарды күтіп отырмыз", - деді Қайрат Әбдірахманов.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаевты қызметке сәйкестігі толық еместігіне қатысты ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныс түскен болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу