ШЫҰ саммиті барысында Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШЫҰ саммиті барысында Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесті Фото akorda.kz сайтынан алынды

ШЫҰ саммиті барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШЫҰ саммиті барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Кездесу барысында екі елдің көшбасшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жөнінде келіссөздер жүргізді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарына қатысты да бірқатар мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарға қатысты пікір алмасты" - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті екі елдің арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап: "Біздің елдеріміз отын-энергетика саласында белсене ынтымақтасуда. Бүгінде Қазақстан мұнайының 20 пайызын қытай компаниялары өндіруде. Қазақстан-Түрікменстан-Қытай газ құбыры да жақсы жұмыс істеп тұр" – деді. Ал, ҚХР Төрағасы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының оң қарқынын атап өтіп: "Биылғы мамырда Сіз Қытайға табысты мемлекеттік сапармен барып, АӨІСШК саммитіне қатыстыңыз. Біздің Сізбен арамыздағы халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы уағдаластықтарымыз белсенді түрде іске асып жатыр. Өзара іс-қимыл жалғасын табатын болады деп үміттенемін. Екі елдің игілігі жолында ынтымақтастығымызды жалғастыру үшін біз бар күш-жігерімізді жұмсауға әзірміз", – деген. 

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасын Қытай Халық Республикасының алдағы 65 жылдығымен құттықтап қытай халқына табыс пен бақ-береке тіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 513.55  course down  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети