Сыздықованың соты 19 ақпанға жоспарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыздықованың соты 19 ақпанға жоспарланды Бақыт Сыздықова

Экс-депутат Бақыт Сыздықоваға қатысты "Нұр отан" партиясының талабы бойынша алғашқы сот отырысы 19 ақпанға жоспарланды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап. Экс-депутатқа қомақты сомадағы қаржыны кері қайтармады деген желеумен айып тағылған болатын. Енді осы бойынша істі Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарайды. Осындай шулы оқиға белгілі болғанда Бақыт Сыздықова 2013 жылдың 18-қыркүйегінде партия қатарынан шығарылған еді.Ол 2008 жылы партиядан 7 млн. теңге мөлшерін ақша алып, оның 2009 жылдың 1-қаңтарына дейін қайтаруға тиіс болған. Ол мұндай соманы "Молодежное движение "За будущее Казахстана" қоғамдық ұйымының төрайымы болып тұрғанында "Астана.KZ" тобына көмек үшін алған көрінеді. Дер кезінде қайтарылмаған ақша өсімімен бүгінде 15 млн. теңгеге дейін жетіп отыр. Ал Бақыт Сыздықова мұндай айыпты жоққа шығармайды. Оның сөзінше, "Астана.KZ" командасы халықаралық КВН одағы чемпионатының финалына шыққан уақытта қала бюджетінен қаржыландыру тоқтатылған. Сондықтан ол партиядан ақша алғанымен оны кейін қайтарудың орайы келмеген. Алайда сол кезде партия басшылығы келісімді өзгертуге келіспеген екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети