“Сіз үшін арнайы жол салып бермеймін“: Досаев тұрғынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Сіз үшін арнайы жол салып бермеймін“: Досаев тұрғынға жауап берді Фото:gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен, атап айтқанда Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен, атап айтқанда Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесуге келген алматылық тұрғын әкімнің қабылдауына "Есімов, Байбек және басқа да әкімдер кезінен бері" кіре алмай жүргенін айтты.

"Таңертеңнен ешкімді алдамай-ақ қояйық: сіз менде болдыңыз. Бірақ, өкінішке қарай, сіз бен біз сіздің жер учаскелеріңізге қатысты жеке мәселелерді талқыладық. Бұл жеке екі учаске болды, сіз жол сұрадыңыз..."- деді әкім.

Әйел жеке мәселелері бойынша келгенін мойындап, бұл істің аяқталмағанын мәлімдеді.

Ерболат Досаев тұрғынды қандай мәселелер алаңдататынын сұрап, өз орынбасарларына тиісті тапсырма беретінін айтты. Алматылық әйел өзінің жер телімі арқылы өтетін жол құрылысы мен электр желісін тарту мәселесін шешу қажеттігін жеткізді.

Ерболат Досаев Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин бұл жағдайдан хабардар екенін және мәселені шешуге көмектесетінін атап өтті.

"Заң аясында қандай қолдау көрсетуге мүмкіндік болса, көрсетеміз. Бірақ сіз үшін арнайы жол салып бермеймін. Өкінішке қарай. Кешіріңіз. Дегенмен, бас жоспарға сәйкес, егер жол құрылысы қарастырылған болса, бәрі жоспарлы түрде жүзеге асады. Өкінішке қарай, қызыл сызықты өзгерте алмаймын", – деді әкім.

Әйел қарсылық білдіре бастаған кезде, әкім тікелей сұрақ қойды: "Жол салу керек пе?"

"Иә", – деп жауап берді ақыры алматылық тұрғын.

"Жоспар бойынша қарастырамыз", – деп түйіндеді Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети