“Сізбен келіспеймін“. Алматы тұрғыны Досаевқа жағымсыз иіс туралы айтып шағымданды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматының Наурызбай ауданы тұрғыны қала әкіміне қоқыс таситын көліктерден кейін қалатын жағымсыз иіске қатысты шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Наурызбай ауданы тұрғыны қала әкіміне қоқыс таситын көліктерден кейін қалатын жағымсыз иіске қатысты шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тұрғындар маусым бойы бұл иіске төзуге мәжбүр.

"Сәуірден қазанға дейін көпқабатты үйлерге де, жеке секторға да аптасына бір рет келетін қоқыс таситын көліктердің сасық сұйықтық ағады. Қарбыз сатылатын кезеңде жағдай тіпті нашарлайды, иісі сұмдық. Көпқабатты үйлердің аулаларында мұны ешкім тазаламайды, иіс тұрақты болып қалады. Жағдайды тамақтану орындары одан әрі қиындатады, олар қоқысқа бәрін араластырып тастайды. Біздің халық қоқысты сұрыптауға дайын. Бізде қашан қоқысты өркениетті сұрыптау мен шығару жүйесі болады?" – деп сұрады әйел әкіммен кездесуде.

Ерболат Досаев тұрғынның пікірімен келіспейтінін айтты.

"Сізбен тағы да келіспеймін. "Аптасына бір рет" дейсіз, мен бұны басқа жерден көрген жоқпын... Кемшіліктер бар, бірақ біз барлық қоқыс тасымалдаушы компаниялармен бірге техниканы жаңарту жоспарын жасадық (...). Біз жаңа компанияларға (қоқыс шығару бойынша-еск.) қандай техника болуы керектігі туралы талап қойдық", – деп жауап берді әкім.

Ерболат Досаев мәселені шешуге уәде берді. Сонымен қатар, аудан әкімдігінде 2025 жылы 70 жаңа қоқыс таситын көлік алынатыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro