"Сізді карантинге жатқызамын": Қостанай облысында дәрігердің қорқытуы видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сізді карантинге жатқызамын": Қостанай облысында дәрігердің қорқытуы видеоға түсіп қалды Фото: Видеодан кадр

Қостанай облысында медицина қызметкері блокбекет арқылы жүк тасымалдап бара жатқан ер адамды екі күндік карантинге жатқызамын деп қорқытты. Видео Желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында медицина қызметкері блокбекет арқылы жүк тасымалдап бара жатқан ер адамды екі күндік карантинге жатқызамын деп қорқытты. Видео Желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook-тегі "Ватсап Қазақстан" тобының парақшасында оқиғаның кадры жарияланды. Медицина қызметкері жүргізушіден қандай жүк алып бара жатқанын сұрайды. Неліктен сұрағанын білгісі келген жүргізушіге: себебі, "блокбекетте тұрмын" деді медициналық қызметкер.

"Командир тұр, не алып бара жатқанымды оған айттым. Медицина қызметкерлері қандай жүк деп неліктен сұрайды? Мен таңғалып отырмын", - деп жауап берді жүргізуші.

Содан соң медқызметкер қорқыта бастады.

"Мен қазір сізді екі күнге карантинге жатқызамын. Құқығым бар. Көлікті қалдырасыз және карантинге барасыз", - деді әйел.

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиғаның Жітіқара блокбекетінде болғанын айтты.

"Медицина қызметкері жүргізуші өзін дөрекі ұстағаны үшін эмоцияға берілгенін түсіндірді. Өзінің қызметтік міндеттерін орындап тұрған мамандардың - полицейлер мен медқызметкерлердің көліктен түсіңіз деген өтінішіне  тіл тигізіп жауап берген. Конфликт туғызуға ұмтылған. Бекет қызметкерлеріне кабинаға отырып, қызмет көрсетуін талап еткен. Оның талаптары дөрекі формада болған", - деп түсіндірді ведомстводағылар. 

Дегенмен медицина қызметкері жазаланған. 

"Оған тәртіптік жаза - сөгіс жарияланды. Ол өзінің кінәсін, оның ішінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғанын және әдеп нормаларын бұзғанын мойындады", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети