20 қараша 2019 16:35

"Сіздер мәңгіге қалып қойдыңыздар". Ермек Тұрсынов жапонның Қазақстандағы саяхаты жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермек Тұрсынов Нұр-Сұлтандағы баспасөз конференциясында жапон режиссерінің Қазақстандағы саяхаты жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ермек Тұрсынов Нұр-Сұлтандағы баспасөз конференциясында жапон режиссерінің Қазақстандағы саяхаты жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Таяуда маған жапон режиссері келді, оның екі апта бос уақыты болды. Ол былай деді: "Осы уақытымды Қазақстанға жұмсамақпын, халықты көргім келеді". Мен оған карта сызып бердім. Ол сол жолмен жүріп, қайта оралған соң мен оған "Сен не айта аласың?" дедім. Сөйтсем, жапон емес пе, сыпайы түрде былай деді: "Керемет ел, адамдары, табиғаты". Бірдеңе айтқысы келгенін сездім де, былай "Айт енді, ренжімеймін" дедім. 

Ол былай бастады: "Бірінші кезекте әжетхана жоқ, қайда барарыңды білмейсің. Киіз үйден шығып, былай шықсаң бәрі әжетхана дейді. Екіншіден, сіздер бізден 10 жылға не 20 жылға емес, мәңгіге қалып қойыпсыздар. Біз сіздерге қарсы жүгірсек те жете алмайсыздар енді", - деп жеткізді Ермек Тұрсынов жапон режиссерінің сөзін. 

Тұрсыновтың айтуынша, мұндай сөздер есту көңілге қаяу түсіреді. "Ағайын, біз осында тұрамыз, бұрыш-бұрышта, кіреберісте бүлдіргенді доғарыңыздар дегім келеді. Пара беруді доғарыңыздар, мәселені көке-жәкемен шешіп тастауды доғарып, адам ұқсап өмір сүрейік. Біздің балалар да осыны жұқтырады", - дейді режиссер. 

Баспасөз конференциясында Ермек Тұрсыновтың Антикоррупция қызметінің республикалық ақпараттық ағартушылық штабының мүшесі болғаны айтылды. Штаб халықпен сындарлы диалог құру және кең ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жүргізу арқылы парасат қағидаттарын насихаттау мақсатында құрылғаны айтылады. 

Агенттік мәліметінше, ақпараттық-ағартушылық штабтың міндеті халық арасында, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ауқымды түсіндіру қызметі екені айтылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети