29 желтоқсан 2016 | 15:19

"Сіздердің айтып отырғандарыңызға сенбеймін - Бауыржан Байбек азық-түлік бағасының төмендеуі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ірі супермаркетке барып, жергілікті жылыжайдағы қиярдың қалай сатылып жатқанын біліп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ірі супермаркетке барып, жергілікті жылыжайдағы қиярдың қалай сатылып жатқанын біліп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бауыржан Байбек келісі 575 теңге тұратын алматылық қияр жайлы cұрады. Дүкендегілер өткен жылмен салыстырғанда биыл қиярдың бағасы 18 пайызға, ал қызанақтың бағасы 11 пайызға дейін төмендегенін айтты.

"Яғни, баға өткен жылмен салыстырғанда төмендеген бе?", - деп сұрақ қойды әкім.

"Былтырмен салыстырғанда баға 18 пайызға төмендеді", - деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Айдын Керімбеков.

Сосын Байбек Керімбековтен қиярдың қала дүкендеріне жеткілікті түрде жеткізіліп жатыр ма, жоқ па - сол жайлы сұрады. Алайда Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қала дүкендерінде қиярдың жеткіліксіз екенін айтып өтті.

Сондай-ақ, дүкен басшылығы Бауыржан Байбекке жергілікті қиярдың жарты күнде-ақ сатылып кетіп жатқанын айтты. Себебі алматылық жылыжайдағылар күніне төрт дүкенге тек 6-8 тонна қияр жеткізеді екен.

"Сіздердің айтып отырған 18 пайыздарыңызға сенбеймін. Азық-түліктің бағасын төмендету үшін ол белгілі бір көлемде болуы тиіс емес пе? 6-8 тонна деген не? Бұл мүлде аз. Расында барлығы қалай, солай айту керек, біз барлығын түсінеміз және санай да аламыз. Тауар көп болса, ол, әрине, оның бағасына әсер етеді. Ал ол жарты күнде сатылып кететін болса, ол бағаға қатты әсер етпейді. Енді әрі қарай жұмыс істейтін боламыз", - деді қала әкімі.

Кейінірек журналистер қала әкімінен "Азық-түлік бағасына көңіліңіз тола ма?" деп сұрақ қойды.

"Бұл туралы халық айту керек. Ал менің айтарым - біз жұмыс істеп жатырмыз, қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз. Мен биыл алматылық азық-түлік өнімдерінің үлесін екі пайызға көбейткенімізді айта аламын", - деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімінің айтуынша, сатып алушылардың қалауы әр түрлі. Сондықтан да дүкендерде импорт тауарлары болуы тиіс.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети