"Сіздің ақпаратыңыз ескірген". Премьер-министр ҚМГ төрағасы орынбасарының есебін сынға алды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Хасан Дәулетжановтың есебін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Хасан Дәулетжановтың есебін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет отырысында Хасан Дәулетжанов Атырау мұнай өңдеу зауыты мен АМӨЗ-дегі апаттардан кейінгі жағдай туралы баяндаманы оқып отырып, мұнай өңдеу зауыттарында жұмыс тоқтатылғанын атап өтті.

"Сіз өз баяндамаңызда бірқатар мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы тоқтатылғанын, олардың кейбіреулері жұмысын қалпына келтіріп қойғанын айттыңыз. Сіздің ақпаратыңыз ескірген", - деді Смайылов.

Сонымен қатар, премьер-министр жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын айтты.

"Ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауытын тоқтату туралы алып-қашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай басты назарда", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, премьер-министр тиісті министрліктерге тапсырма берді:

Маңғыстау облысының әкімдігіне энергетикалық комбинаттың қолданыстағы жабдықтарын іске қосу және жаңғырту бойынша шаралар қабылдауды,

Энергетика министрлігіне "KEGOC" компаниясымен бірлесіп, Батыс энергетикалық торабының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуді,

Энергетика министрлігіне ІІМ және БҚА-мен бірге алып-сату және жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын туғызу фактілеріне тосқауыл қоюды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro