"Сіздің сенімді досыңыз болып қала беремін" - Назарбаев Лукашенкомен кездесті

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Elbasy.kz © Elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Елбасы екі ел арасындағы достық қатынастарды сақтаудың және одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

"Біздің елге сапармен келгеніңізге қуаныштымын. Біз бірге талай қиындықтардан өттік. Осы жылдардың ішінде бір-бірімізден біраз нәрсе үйрендік. Қазір әлем айтарлықтай өзгеріп жатыр. Мұндай жағдайда қол жеткізген жетістіктерді сақтап қалу маңызды. Сізді Беларусь Республикасына сіңірген барлық еңбегіңіз бен адами қасиеттеріңіз үшін құрметтеймін. Сондай-ақ, Сіздің сенімді досыңыз болып қала беремін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Александр Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясында ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

"Сізді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өтетін Кеңес отырысына шақыру жөнінде ортақ ұсыныс түсті. Бұл басқосуда алдағы перспективаларды айқындаймыз. Тағдыр Қазақстан, Беларусь пен Ресейге посткеңестік кеңістіктегі осы интеграцияның ядросы болуды жазды. Қазақстан Сіз арқылы әрқашан осындай интеграцияның бастамашысы болды. Сондықтан жұмысты осы қарқынмен жалғастыру керек", - деді Беларусь Республикасының президенті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.1  course up  588.04  course up  6.35  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro