Мәжілісте мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесі жағдайына арналған "дөңгелек үстелде" күтпеген оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілісте мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесі жағдайына арналған "дөңгелек үстелде" күтпеген оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мәселені талқылауға кіріспес бұрын, Zoom бағдарламасы арқылы өңірлерден келген ұсыныстарды тыңдау үшін сөз кезегі Теміртау қаласындағы №12 орта мектеп директоры Сәуле Қайырбекке берілді. Алайда қатысушылар ұсыныс орнына директордың мектепте атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебін тыңдаған.
Дайын есепті оқымай, нақты сұраққа жауап беруді өтінгеннен кейін мектеп директоры монитордың артына қарай бастаған.
Дөңгелек үстелдің модераторы, экс-білім және ғылым министрі, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрағасы Асхат Аймағамбетов бұл мәселе "өзгенің көмегінсіз" болмағанын айтты.
"Жаныңызда біреу бар және сізге айтып тұрған сияқты. Өйткені жауап бергенде үнемі жан-жағыңызға қарайсыз. Бұнда сізге көмектескіміз келеді. Қандай жүйелі мәселелер бар? Біз соны білгіміз келеді. Сіздің мектеп қауіпсіздік агенттігімен неге келісімшарт жасады немесе жасамады? Есеп беруді талап етпейміз. Жарайды, жақсы, рақмет", – деп Аймағамбетов күліп есепті тоқтатты.
Биыл Қазақстан мектептеріндегі оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Көптеген оқу орындарында оқулықтар апта басында тапсырылды. Енді ата-аналардың айтуынша, оқушылар сабақта бос отыруға немесе мектеп күнін футбол алаңында өткізуге мәжбүр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!