19 сәуір 2023 11:43

"Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу" әдетінен арылу керек - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр. Президент отандық бизнес өкілдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. "Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу" әдетінен арылу керек. Есесіне, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн", - деді ол.

Сонымен қатар, Президент ірі кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздегі бизнесін дамытуға жұмсағаны абзал екенін айтты.

"Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады.

Сонымен қатар, бізге "кәсіпкерлердің жаңа толқыны" керек. Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген "тың күштер" қажет", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети