14 сәуір 2022 | 10:00

Тағайындаулар, Украинадағы жағдай. 13 cәуірде Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сәриев

Атырау облысында 10 миллиард теңге болатын заңбұзушылық анықталды. Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған Ресей азаматтарының саны артты. "Жасыл даму" басшысы болған Жанат Самат 2 айдан кейін қызметінен кетті. Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында 10 миллиард теңге болатын заңбұзушылық анықталды. Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған Ресей азаматтарының саны артты. "Жасыл даму" басшысы болған Жанат Самат 2 айдан кейін қызметінен кетті. Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

Инвестор Бозжыра шатқалындағы даулы қонақүй құрылысынан бас тартты 

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі инвестор Бозжыра шатқалында қонақүй кешені мен этноауыл салудан бас тартқанын хабарлады. Мұндай шешім "бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақ болғандықтан және Мемлекет басшысы Үкіметке жобаны іске асыру орнын қайта қарау туралы тапсырма бергендіктен" қабылданғаны айтылады.

Қытайлық компания жұмысшылары наразылыққа шықты 

Жамбыл облысында салынып жатқан Меркі-Бурылбайтал тасжолында жұмысшылар наразылыққа шықты. Олар жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Наразылыққа шыққандардың айтуынша, соңғы үш жылда қытайлық компания оларға ең төменгі жалақыны төлеп келеді. 80-нен астам жұмысшы Қазақстан Президентінен көмек сұрап, басшылық барлық талапты орындамайынша жұмысқа шығудан бас тартты.

Қазақстандық мектеп оқушысы NASA-дан шақырту алды

Павлодардағы мектеп оқушысы Ярослава Кравчук Kanysh атты шағын ғарыш аппараттарының макетін жасады. Макеттің көмегімен кометалар мен астероидтер топырағынан сутегі отынын өндіруге болады. Мектеп оқушысының өнертабысын NASA өкілдері оң бағалап, ғарыш орталығында тәжірибеден өтуге шақырды.

Ярослава ұшу аппаратының жобасын Павлодар қаласында өткен "XXII Сәтбаев оқулары" Халықаралық ғылыми конференциясында ұсынды. Дайын макетті әзірлеуге, дайындауға және құрастыруға шамамен алты ай уақыт кеткен. Мектеп оқушысының жобасы NASA өкілдерінің көзіне түсіп, ол Хьюстондегі United Space School-да оқуға грант жеңіп алды

Тамара Дүйсенованың лауазымына кім келгені белгілі болды 

Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымда қазіргі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болған

Фото: pricom.kz

"Жасыл даму" басшысы болған Жанат Самат 2 айдан кейін қызметінен кетті 

Қазақстандағы утильалым операторы - "Жасыл Даму" АҚ басшысы Жанат Самат қызметінен кетті. Ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті директоры Олжас Беркінбаев растады. Жанат Самат 2022 жылы ақпанда "Жасыл Даму" басшысы болып тағайындалған болатын.

Фото:gov.kz

3 мыңнан астам қазақстандық қаржы пирамидаларынан зардап шеккен

Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларына қатысты 65 қылмыстық істің ішкі істер органдарында тергеліп жатқанын, олардан үш мыңнан астам қазақстандық зардап шеккенін мәлімдеді. Бүгінде 180-нен астам қаржылық инвестициялық компаниялар мен фирмалардың қызметі тоқтатылды. 2021 және 2022 жылдары 138 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 50 сотталды, қалғандарына қатысты сот талқылауы жүріп жатыр. Қаржылық пирамидалардың жетекшілері немесе ұйымдастырушыларының көбі шетелде немесе шетелдіктер болып шықты.

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды 

Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбаған. Дегенмен, жоспарға сәйкес Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары болады. Министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Атырау облысында 10 миллиард теңге болатын заңбұзушылық анықталды 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Есеп комитетінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі саласында және денсаулық сақтау саласында бірқатар бұзушылықтар анықталған. Атырау облысының әкімдігіне 10 035, 9 миллион теңге мөлшерінде анықталған бұзушылықтар сомасын қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Тоқаев "Хабар" агенттігінің жұмысын заман талабына сай қылуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады. Берік Уәли Мемлекет басшысына алда іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контент жасау жөнінде айтты. Әңгіме аяғында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, "Хабар" телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.  

Фото: Ақорда

Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған Ресей азаматтарының саны артты

Бүгінде ықтиярхат алуға өтініш білдірген ресейліктердің саны өсіп жатыр. Егер өткен жылдары бұл көрсеткіш 350-ден 400 адамға дейін болса, қазір 2022 жылдың бірінші тоқсанында мыңға жуық адам өтініш білдірген. Бұл туралы  Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. Ол сондай-ақ 170-ке жуық Ресей азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргенін айтты.

Оралда полиция басшысы қамауға алынды 

Оралдың тергеу соты пара алды деген күдікпен полиция бастығын екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Қалалық көші-қон полициясы департаментін басқарған Қанат Мұқанов уақытша ұстау изоляторына қамалды. БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр. Орал қалалық ІІБ көші-қон бөлімінің бастығы жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ұсталды.

Еуропаның төрт президенті Украина астанасына баратын болды

Литва президенті Гитанас Науседа, Польша президенті Анджей Дуда, Эстония президенті Алар Карис және Латвия президенті Эгилс Левитс украин басшысы Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке барады.

Heading to Kyiv with a strong message of political support and military assistance.

Lithuania ?? will continue backing Ukraine's ?? fight for its sovereignty and freedom.

Разом до перемоги! pic.twitter.com/WLb5yR5W69

— Gitanas Nausėda (@GitanasNauseda) April 13, 2022

Украинада Путиннің ең жақын одақтасы ұсталды

Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желілердегі парақшасында украиналық саясаткер әрі олигарх, "Оппозициялық платформа - Өмір үшін" партиясының жетекшісі Виктор Медведчук ұсталғанын мәлімдеді. Оны "Путиннің өкіл әкесі" деп те атайды. Кейінірек Зеленский видеоүндеу жасап, Медведчукті орыс тұтқынына түскен украиналықтарға ауыстыруды ұсынды.

© facebook/zelenskiy.official

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная