13 сәуір 2022 08:50

Павлодарлық мектеп оқушысы NASA-дан шақырту алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ярослава Кравчук. Фото: Ирина Кравчук ұсынды Ярослава Кравчук. Фото: Ирина Кравчук ұсынды

Павлодардағы мектеп оқушысы Ярослава Кравчук Kanysh атты шағын ғарыш аппараттарының макетін жасады. Макеттің көмегімен кометалар мен астероидтер топырағынан сутегі отынын өндіруге болады. Мектеп оқушысының өнертабысын NASA өкілдері оң бағалап, ғарыш орталығында тәжірибеден өтуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодардағы мектеп оқушысы Ярослава Кравчук Kanysh атты шағын ғарыш аппараттарының макетін жасады. Макеттің көмегімен кометалар мен астероидтер топырағынан сутегі отынын өндіруге болады. Мектеп оқушысының өнертабысын NASA өкілдері оң бағалап, ғарыш орталығында тәжірибеден өтуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ярослава ұшу аппаратының жобасын Павлодар қаласында өткен "XXII Сәтбаев оқулары" Халықаралық ғылыми конференциясында ұсынды. Дайын макетті әзірлеуге, дайындауға және құрастыруға шамамен алты ай уақыт кеткен. 

Оқушының анасы Ирина Кравчуктың айтуынша, қызына былтыр жазда Мәскеудегі МФТИ мектебінде өткен Олимпиадаға қатысу кезінде жерден тыс көздерден сутегі алу идеясы келген. Ал күзде Ярослава зымыран саласы бойынша жаттықтырушы алматылық Евгений Бовсуновскийден онлайн сабақ ала бастады.

"Жаттықтырушымен ZOOM арқылы жұмыс істедік, 3D-модель жасадық, барлығын есептеп шықтық. Қаңтарда барлық мәлімет дайын болды және біз басып шығара бастадық. Басып шығару шамамен екі айға созылды. Дәл осы уақытта NASA мектебіне өтініш берудің соңғы мерзімі жақындап қалды. Эссе тақырыбы аппарат жұмысының тақырыбымен сәйкес келді", - дейді оқушының анасы.

Ирина Кравчук қызының жеңісі - Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейіндегі кешенді дайындық пен "Антарес" астроклубындағы сабақтардың нәтижесі екенін атап өтті.

Ал Ярославаның айтуынша, оның жобасына мамандар қызыққан.

"Әртүрлі қажеттілікке арналған шағын ғарыш аппараттары - бұл саланы дамытудың заманауи үрдісі. Kanysh сияқты құрылғылар бұрын болмаған. Оның жұмыс принципі - кометаға жабысып, жер мен мұзды бетінен жинап, таза су алады. Содан кейін электролиз арқылы сутегі мен оттегі шығарылады, артынша олар отын ретінде, сондай-ақ адам қажеттілігі үшін қолданылады", - дейді Ярослава.

Мектеп оқушысының жобасы NASA өкілдерінің көзіне түсіп, ол Хьюстондегі United Space School-да оқуға грант жеңіп алды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети