Тағы 26 қазақстандық турист Израильден Түркияға ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрлік біздің азаматтарымызға қолдау көрсетуін әрі қарай жалғастыра беретін болады.

"Эль Аль" әуекомпаниясының алдын-ала мәліметіне сәйкес, тағы 26 азаматымыз Антальяға оралған. 10 қазақстандық азамат консулмен бірге әуежайда, сонымен қоса кеше 5 азаматымыз консулдың ескертулеріне қарамастан өз еріктерімен Палестина аумағына кетіп қалған", - делінген Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сыртқы істер министрлігі мамандарының хабарлауынша, туристік компаниялардың өз жауапкершіліктеріне салғырт қарауына орай, Израильге бір күндік турмен келген Қазақстан азаматтарының нақты санын анықтау әлі де жалғастырылуда. "Министрлік біздің азаматтарымызға қолдау көрсетуін әрі қарай жалғастыра беретін болады", - делінген хабарламада.