20 маусым 2021 | 14:21

Тағы бір жантүршігерлік жол апаты болды: Түркістан облысында 7 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жол апаты болып, екі жүргізуші мен бес жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында жол апаты болып, екі жүргізуші мен бес жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Департамент мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. 

Оқиға Созақ ауданындағы Екпінді-Бірлік автожолында 144-531 шақырым жерде болған. Екі жеңіл көлік соқтығысқан. Аудандық полиция бөлімшесіне, 102-ге сағат 11.20 шамасында хабар түскен. 

"Оқиға орнына Түркістан облысы ПД жедел-тергеу тобы, криминалистер мен анықтаушылар шықты. Полицейлер Лада-приора және Фольцваген-гольф жеңіл автокөліктері соқтығысқанын анықтады. Салдарынан екі жүргізуші мен бес жолаушы қаза тапты. Тағы бір адам түрлі дене жарақатымен аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне түсті.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Соталды тергеу басталды. Полицейлер қаза тапқандардың кім екенін және жол апатының мән-жайын анықтап жатыр", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, кеше, 19 маусымда Алматы облысындағы Құлжа тасжолында да жантүршігерлік жол апаты болған еді: салдарынан 7 қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға түсті. Тағы бір жол апаты Ақтөбе облысында болды: екі мектеп директоры жол апатынан қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға түсті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети