09 желтоқсан 2021 14:48

Тағы бір қалада тұрғындар сауда үйлеріне "жасыл" мәртебемен кіре алады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 желтоқсаннан бастап жұмыс күндері Атыраудағы сауда және ойын-сауық орталықтарына Ashyq жүйесінде "жасыл" мәртебесі барлар ғана кіре алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.

Шектеулер келушілерге де, қызметкерлерге де қатысты.

"10 желтоқсаннан бастап жұмыс және демалыс күндері сауда орталығына қызметкерлер мен келушілер қауіпсіз "жасыл" статусы болған жағдайда кіре алады. Яғни вакцина алған жағдайда, ПТР-сынамасы теріс (алынған сәттен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде) және соңғы үш ай ішінде коронавирустан айыққан, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері болған жағдайда", - деді Атырау облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева.

Дәл осындай ережелер Нұр-Сұлтанда 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданылады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети