©Tengrinews.kz
Елімізде тағы бірнеше өңірде қатты дауыл соғатыны ескертілді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. "18 наурыз күні күндіз, 19, 20 наурыз күндері тәулік бойы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде боран соғады. Оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жел соғады, жел екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, кей жерлерде 30 м/с-тен асады", - делінген ескерту мәтінінде. Бұған дейін 18-19 наурыз күндері Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында да жаңбыр мен қар жауып, оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жел соғатыны хабарланған еді. Аталған өңірлерде жел екпіні кей жерлерде секундына 30 метрден асады. 19 наурыз күні Астана қаласында қар аралас жаңбыр жауып, 17-22 м/с жел соғады, жел екпіні кей жерлерде 25 м/с-ке жетеді. Мамандардың мәліметінше, бүгін Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында да жел күшейеді.
Елімізде тағы бірнеше өңірде қатты дауыл соғатыны ескертілді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
"18 наурыз күні күндіз, 19, 20 наурыз күндері тәулік бойы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде боран соғады. Оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жел соғады, жел екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, кей жерлерде 30 м/с-тен асады", - делінген ескерту мәтінінде.
Бұған дейін 18-19 наурыз күндері Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында да жаңбыр мен қар жауып, оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жел соғатыны хабарланған еді. Аталған өңірлерде жел екпіні кей жерлерде секундына 30 метрден асады. 19 наурыз күні Астана қаласында қар аралас жаңбыр жауып, 17-22 м/с жел соғады, жел екпіні кей жерлерде 25 м/с-ке жетеді.
Мамандардың мәліметінше, бүгін Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында да жел күшейеді.