Тағы екі облыста коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тағы екі облыста коронавирус анықталды Фото: TASS

Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында коронавирус жұқтырған науқастар анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 72-ге жетті.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 23:20 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін коронавирус Шымкент қаласында тіркелгенін хабарлағанбыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети