"Тағы да қайталап айтамын". Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады

viewings icon 1448 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Бүгін Мәжіліс отырысында спикер Ерлан Қошанов депутаттардың біріне ескерту жасады. Бұл ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландыру туралы заң жобасын талқылау барысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Мәжіліс отырысында спикер Ерлан Қошанов депутаттардың біріне ескерту жасады. Бұл ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландыру туралы заң жобасын талқылау барысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті заң жобасын парламенттің төменгі палатасында Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев таныстырды.

Сұрақ-жауап кезінде депутат Лұқбек Тұмашиновқа сөз кезегі келгенде ауылдардағы ет, жүн, былғары және басқа да өнімдерді өткізу және өңдеу жөніндегі дайындау пункттерін қалпына келтіру туралы министрдің пікірін білуді жөн көрді.

Шарлапаев депутаттың өзекті мәселе көтергенін, бірақ бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе қарастыру керек екенін айтты.

Бұл ретте Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардан заң жобасынан алшақтамай, тақырып төңірегінде сауалдар қоюды сұрады. Жауап ретінде Лұқбек Тұмашинов наразылығын білдірді, бірақ оның нақты не туралы айтқаны естілмейді, өйткені сол сәтте оның микрофоны өшіп тұрған.

"Тағы да қайталап айтамын. Заң жобасының мәтінінен ауытқымайық. Депутат Тұмашиновтың микрофонын қосыңыз. Не сұрағыңыз келді? Сұраңыз", - деді Қошанов оған.

"Менің айтқаным: тері мен жүннен желатин өндіруге болады. Әлемде сұраныс бар ғой", - деп жауап берді мәжілісмен және микрофонды итеріп жіберді.

"Желатин өндіруге бола ма, жоқ па? Айтыңыз", - деді спикер Шарлапаевқа.

"Болады, болады", - деп жауап берді министр жымиып.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
18°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю