Тағы үш банк қаза болған полицейлер мен әскерилердің кредитін кешіреді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда тағы үш банк тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған полицейлер мен әскерилердің кредитін кешіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда тағы үш банк тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған полицейлер мен әскерилердің кредитін кешіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Jusan Bank және ВТБ Банк мәлімдеді

"Jusan Bank терроризмге қарсы операциялар және қоғамдық тәртіпті реттеу кезінде қаза болған әскерилер мен құқық қорғау қызметкерлерінің отбасына қайғыра көңіл айтады. Қаза болған қызметкерлердің банктегі барлық кредиті кешіріледі. 

Jusan Bank ТЖ жағдайында банк және мобильді қосымша жұмысындағы іркілістерге байланысты клиенттер төлеміне айыппұл және өсімпұл салу тоқтатылатынын хабарлайды.

Jusan Bank-тың барлық ішкі жүйесі жұмыс істеп тұр. Банк жұмысы кезең-кезеңімен қосылады. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша банкомат жүйесі толық жұмыс істеп тұр. Мобильді қызмет іске қосылған", - деді банк өкілдері. 

ВТБ Банк қаза болған әскерилер мен полицейлер отбасына көңіл айтып, олардың барлық кредиті кешірілетінін хабарлады.

"Сондай-ақ, банк 2022 жылғы 5-19 қаңтар ТЖ кезеңінде заңды және жеке тұлғаларға кредит бойынша айыппұл және өсімпұл салмайды. Салымшылар қаржысы толық сақталған. ВТБ Банк Қазақстан бойынша жағдай тұрақталып, Интернет желісі толық қосылғанына қарай штаттық режимдегі жұмыс кестесіне ауысады", - деді компания өкілі.

Альфа-Банк баспасөз қызметі де қаза болған полицейлер мен әскерилер отбасының кредиті кешірілетінін мәлімдеді.

"Альфа-Банк Қазақстан қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полицейлер мен әскерилер отбасының кредитін кешіреді", - деді Альфа-Банк бас директоры Андрей Тимченко.

Еске салайық, бұған дейін банк 2022 жылғы 5-19 қаңтар ТЖ кезеңінде заңды және жеке тұлғаларға кредит және Alfa Black картасы бойынша төлем мерзімі өтіп кетуіне байланысты айыппұл және өсімпұл есептелмейтінін хабарлаған болатын. 

Бұған дейін Halyk Bank жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болған құқық қорғау қызметкерлері отбасына 5 миллион теңгеден беретінін хабарлаған болатын. Ал "ЦентрКредит" қаза болғандар отбасына миллион теңгеден береді. Сондай-ақ, Евразийский банк те қаза болғандар кредитін кешіретінін хабарлаған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro